date

Бұхарада Gentra көлігіне бұқаны тиеп алған ұры ұсталды

Ішкі істер қызметкері түнде Gentra көлігінің салонындағы бұқаны тексеруде.

Бұхара облысында ішкі істер қызметкерлері мал ұрламақ болған азаматты айғақ заттарымен бірге ұстады. Оқиға түнгі профилактикалық іс-шаралар барысында әшкереленгені хабарлануда.

Мәлім болғандай, 20 мамыр күні түнгі сағат 01:30 шамасында Бұхара—Қызылтепа жолында келе жатқан қара түсті Gentra автокөлігі құқық қорғау органдарының күдігін тудырған. Профилактика инспекторлары көлікті тоқтатпақ болғанымен, жүргізуші заңды талапқа бағынбай, жүрісін жалғастырған.

Жедел шаралар нәтижесінде көлік тоқтатылып, тексеру жүргізілді. Gentra-ның артқы орындықтары алынып тасталып, салон ішінде ірі қара мал тасымалданып жатқаны анықталды.

Тергеу барысында малдың Бұхара ауданындағы фермерлік шаруашылықтардың бірінен жасырын түрде ұрланғаны белгілі болды. Алдын ала есептеулер бойынша, ұрланған бұқаның құны шамамен 10 миллион сумды құрайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті Науаи облысы Қызылтепа ауданының тұрғыны болып шықты, ол бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің ұрлыққа қатысты бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Бұхарада Gentra көлігіне бұқаны тиеп алған ұры ұсталды