date

Өзбекстан мектептерінде шынымен де қағаз күнделіктерге көше ме?

Өзбекстан мектептерінде шынымен де қағаз күнделіктерге көше ме?

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Өзбекстан мектептерінде дәстүрлі (қағаз) күнделіктер мен сынып журналдары қайта енгізіліп жатқаны туралы хабар тарады. Мектепке дейінгі және мектептегі білім министрлігі бұл жағдайға жауап беріп, хабарламаларды жоққа шығарды.

Министрліктің мәліметінше, Президенттің 2018 жылғы 5 сентябрьдегі No3931 қаулысы мен 2019 жылғы 29 апрельдегі No5712 жарлығына сәйкес, еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың бағалары мен сабаққа қатысуы "eМектеп" электронды журнал жүйесі арқылы жүргізілуде.

Бұл жүйе мұғалімдердің жұмыс жүктемесін жеңілдетуге, заманалық ақпараттық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге және бағалауда ашықтықты қамтамасыз етуге қызмет етеді. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларының оқу жағдайын қашықтан бақылауға мүмкіндік жасалған.

Ресми мәлімдемеде айтылғандай, Мектепке дейінгі және мектептегі білім министрлігі мектептерге қағаз күнделіктер мен журналдарды қайта енгізу туралы ешқандай тапсырма бермеген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Өзбекстан мектептерінде шынымен де қағаз күнделіктерге көше ме?