date

Ташкентте 10-сынып оқушысы қағып кеткен жол-патруль қызметкері қайғылы түрде қаза тапты

Ташкентте 10-сынып оқушысы қағып кеткен жол-патруль қызметкері қайғылы түрде қаза тапты

Елордада орын алған жол-көлік оқиғасы ауыр салдармен аяқталды. Қызметтік міндетін атқарып жүрген жол-патруль инспекторы, кіші сержант Хосилбек Эшназаров дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан қайтыс болды.

Мәліметке сәйкес, 25 ақпан күні сағат 21:48-де Ташкент қаласында қызмет атқарып жүрген инспекторды 10-сынып оқушысы болып табылатын кәмелетке толмаған жүргізуші басқарған “BMW” маркалы автокөлік қағып кеткен. Соның салдарынан ол ауыр дене жарақаттарын алып, үш күн бойы медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында болған. Алайда көрсетілген ем нәтиже бермеген.

Ішкі істер министрлігі оның қайтыс болуына байланысты ресми мәлімдеме жасап, марқұмның отбасы мен жақындарына терең көңіл айтты. Бас прокуратура да көңіл айтты.

Хосилбек Эшназаров 2022 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келген. Қызметіне адалдығымен және жанкештілігімен ерекшеленген қызметкердің артында қарт ата-анасы, жұбайы, екі ұлы және бір қызы қалды.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жол қозғалысы қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандардың көлік басқаруы және жауапкершілік мәселелері тағы да өзекті тақырыпқа айналды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Ташкентте 10-сынып оқушысы қағып кеткен жол-патруль қызметкері қайғылы түрде қаза тапты