date

Адвокаттардың өкілеттігі кеңейіп, қорғау институты күшейе түседі

Адвокаттардың өкілеттігі кеңейіп, қорғау институты күшейе түседі

Үстіміздегі жылдың 16 февралінде қабылданған ПФ-22 санды жарлығы аясында Өзбекстанда сот және қылмыстық процесте қорғау институтын одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды міндеттер белгіленді. Lex.uz сайтындағы құжат паспортына сәйкес, бұл жарлық 2026 жылғы 16 февральда қабылданып, 17 февральдан бастап күшіне енген.

Жарлыққа сәйкес, Әділет министрлігіне 2026 жылдың 1 июніне дейін тиісті министрліктер мен кеңселермен бірге бірқатар іс жүзіндік механизмдерді әзірлеу тапсырылды. Атап айтқанда, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қылмыстық істі сотқа жіберу кезінде айыптау қорытындысымен бірге "қорғау пікірін" ұсыну тәртібі енгізілуі керек. Бұл жаңалық қылмыстық істе айыптаушының ғана емес, қорғаушы тараптың да көзқарасы ресми процесте көрінуіне қызмет етеді.

Сондай-ақ, Цифрлық технологиялар министрлігі мен Адвокаттар палатасына қорғаушылардың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту міндеті жүктелген. Оған сәйкес, адвокаттар өз қорғауындағы күдікті, айыпталушы немесе жәбірленушінің қатысуымен жүргізілген процессуалдық әрекеттерге қатысты құжаттармен және дәлелдермен танысуға, олардан көшірмелер алуға, тергеу және алдын ала тергеу барысында қылмыстық істі қозғау немесе тоқтату туралы қаулылардан көшірмелер алуға құқылы болады деп күтілуде. Бұл, әрине, қорғаныс тарапының іске қатысуын едәуір күшейтеді.

Жарлықта тағы бір маңызды жаңалық бар: адвокаттың сұрауына мәліметтерді тегін беру, сондай-ақ нотариалдық іс-әрекеттер мен кадастр органдарынан қажетті мәліметтерді адвокаттың сұрауы арқылы алу мүмкіндігін жасау да көзделген. Бұл практикада адвокаттың уақыт пен бюрократиялық кедергілерге аз тап болуын қамтамасыз етуі мүмкін.

Осы өзгерістер арқылы 7 мыңнан астам адвокаттың қылмыстық процесте қорғалатын тұлғалардың құқықтарын сенімді қорғаудағы заңды өкілеттіктері кеңейтілетіні айтылды. Яғни, бұл тек бір ғана техникалық өзгеріс емес, бүкіл қорғаныс механизмінің іс жүзіндегі әсерін күшейтуге бағытталған жүйелі қадам болып табылады.

Қысқасы, жаңа тәртіптер енгізілсе, сотқа дейінгі және сот сатысында адвокаттың рөлі әлдеқайда белсенді, ықпалды және құжаттармен толық қамтамасыз етілген түрге көшеді. Бұл сот төрелігі жүйесінде тараптардың тепе-теңдігін нығайтуға қызмет етуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Адвокаттардың өкілеттігі кеңейіп, қорғау институты күшейе түседі