date

14 жасар қыздың жігіті патрульдік полиция қызметкерін «бопсалағаны» белгілі болды

14 жасар қыздың жігіті патрульдік-пост қызметінің қызметкерін «шантаж» жасағаны белгілі болды

Ташкент облысының Ахангаран ауданында 14 жасар қызға қатысты оқиға төңірегіндегі шуға байланысты ресми түсініктеме берілді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде патрульдік-пост қызметінің қызметкері қызға қатысты орынсыз әрекет жасағаны туралы видеоүндеу тараған болатын.

Кейіннен облыстық Ішкі істер бас басқармасы бұл айыптауларды жоққа шығарып, оқиға бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

30 сәуір күні ІІББ аталған оқиғаға қатысты қосымша мәліметтерді жариялады. Оған сәйкес, жүргізілген кешенді тексерулер видеоүндеудегі уәждердің негізсіз екенін көрсетті.

Мәлім болғандай, 27 сәуір күні түнгі сағат шамамен 00:30-да патрульдік-пост қызметінің қызметкеріне танысы болып табылатын 22 жасар әйел қоңырау шалып, ақылдасу үшін кездесуге шақырған. Содан кейін әйел мен 14 жасар қыз өз еріктерімен қызметкер басқарып отырған автокөлікке отырған.

Оқиғаға қатысушылардың бірі болған әйелдің айтуынша, олар көлікте сөйлесіп тұрған кезде күтпеген жерден басқа көлік келіп тоқтаған. Одан шыққан жігіттердің бірі қызбен бұрыннан қарым-қатынаста болғаны белгілі болып, ол кескілескен жанжал шығарған және оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Осы барыста қыз қорқып, психологиялық қысымға ұшыраған. Жағдайдан шығу мақсатында жүргізуші тез арада сол жерден кетіп қалған.

Кейіннен әлеуметтік желілерде оқиға мүлдем басқаша сипатта таратыла бастаған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, видеоүндеуді таратқан тұлға қыздың туысы емес. Ол қызбен жеке қарым-қатынаста болып, оны үнемі бақылауда ұстап келген.

Сондай-ақ, аталған жігіт бірнеше күн бұрын да қызбен түнгі уақытта жүргені үшін дәл осы қызметкер тарапынан тоқтатылып, ресми түрде ескерту алғаны анықталған.

Арада уақыт өтіп, қыз өзінің орналасқан жерін жібергеннен кейін, жігіт олар тұрған жерге келіп, әдейі жанжал шығарған және қызметкерді айыптауға тырысқан.

Ішкі істер органдары бұл оқиғаға құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, азаматтарға әлеуметтік желілерде тарап жатқан кез келген хабарға сене бермеу, тек ресми дереккөздерге сүйену ұсынылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » 14 жасар қыздың жігіті патрульдік полиция қызметкерін «бопсалағаны» белгілі болды