date

Дәрігер бақылауынсыз салынған тамшылатқыш қайғылы жағдайға ұласты: Наманганда 39 жастағы әйел көз жұмды

Дәрігер бақылауынсыз салынған тамшылатқыш қайғылы жағдайға ұласты: Наманганда 39 жастағы әйел қайтыс болды

Наманган облысында қайғылы оқиға орын алды — тамшылатқыш (капельница) салу процесі 39 жастағы әйелдің өлімімен аяқталды. Оқиға Жаңақорған ауданындағы отбасылық дәрігерлік пунктте болғаны хабарланды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, марқұм бұған дейін мемлекет тарапынан тегін берілетін қан көбейтетін дәрілерді қабылдап келген. Ол оқиғадан бірнеше күн бұрын «Неофер» препаратының курсын аяқтаған.

Алайда 28 наурыз күні медициналық мекемеге қайта жүгініп, денесінде ауырсыну бар екенін айтқан және үйінде сақтап келген «Ферлек» дәрісін қосымша қолдануды өтінген.

Медбикенің айтуынша, ол науқасқа дәріні тек дәрігердің бақылауымен ғана қабылдау керектігін түсіндірген. Алайда әйел қаржылық қиындықтарды алға тартып, дәл сол жерде екпе салып беруді сұраған.

Нәтижесінде медбике оның өтінішіне көніп, дәрілік затты жалғап берген.

Өкінішке қарай, емшарадан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Туыстары әйелдің медициналық мекемеге сау күйінде барғанын алға тартып, оқиғаға байланысты қатты алаңдаушылық білдіруде.

Сондай-ақ, аталған медициналық пункттегі жағдай талапқа сай емес екені айтылуда. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, мекемеде тіпті қарапайым медициналық жабдықтар жетіспеген, ал оқиға болған күні дәрігер болмаған.

Аталған жайт бойынша медбикеге қатысты Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде және іс прокуратураның бақылауына алынды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Дәрігер бақылауынсыз салынған тамшылатқыш қайғылы жағдайға ұласты: Наманганда 39 жастағы әйел көз жұмды