date

Қатты жел әуе шарын құлатты, зардап шеккендер бар

Түрлі-түсті әуе шары ғимарат жанында жерге жақын ұшып тұр.

Тәжікстанның Худжанд қаласында мерекелік шара кезінде төтенше жағдай орын алды. Қатты желдің салдарынан басқаруды жоғалтқан әуе шары бірнеше үйдің төбесіне құлап, салдарынан бірнеше адам жарақат алды.

Мәліметтерге сәйкес, оқиға 1 маусым күні кешке Камоли Худжанди атындағы театр маңында болды. Әуе шары Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара үшін Өзбекстаннан әкелінген еді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға кезінде әуе шарының ішінде болған 46 жастағы Өзбекстан азаматы жерге құлап, түрлі жарақат алды. Сондай-ақ, шарды ұстап тұрған шынжыр үзіліп кетуі салдарынан оқиға орнында болған 40 жастағы жергілікті әйел де зардап шекті.

Дереккөздердің хабарлауынша, зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға кезінде әйелдің кәмелетке толмаған қызы да сол жерде болғаны және оның жеңіл дене жарақатын алғаны айтылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Қатты жел әуе шарын құлатты, зардап шеккендер бар