date

Ювентус Чемпиондар Лигасында нашар бастады


Еуропа футболында Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің төртінші тур кездесулері өтіп жатыр. Турин қаласының өкілі "Ювентус" командасы Португалияның "Спортинг" клубына қарсы алаңға шықты.

Кездесуде есеп 1:1 болып, "Ювентус" жеңіске жете алмады. Бұл ойын "Ювентус" үшін биылғы маусымдағы Чемпиондар Лигасы аясындағы қатарынан төртінші жеңіссіз ойыны болды.

Турин клубы тарихта тек екі рет маусымды осындай сәтсіздікпен бастаған: 1998/1999 жылғы маусымда және 2013 жылы олар топтық кезеңнің алғашқы төрт кездесуінде жеңіске жете алмаған еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ювентус Чемпиондар Лигасында нашар бастады