date

Фиорентина бас бапкерін ауыстырды


Fiorentina клубының ресми веб-сайтында жаңа бас бапкер тағайындалғаны туралы ақпарат жарияланды. Енді команданы 53 жастағы Паоло Ваноли басқарады.

Ваноли маусым айынан бері ешбір клубта жұмыс істемеген еді. Футболшылар мен жанкүйерлер арасында ол «Спартак» клубындағы 2021-2022 жылдардағы қызметімен есте қалған.

Жуырда Fiorentina бас бапкері Стефано Пиолимен қоштасты. Команда маусымды сәтсіз бастады және А Сериясы турнир кестесінің соңғы, 20-орнында орналасқан.

10 турда Fiorentina 4 рет тең ойнады және 6 рет жеңіліп қалды. Fiorentina келесі ойынын 9-қараша күні сырт алаңда Genoa клубына қарсы өткізеді.

Қызығы, Genoa да жақында бас бапкерін ауыстырды және команданы Даниэле Де Росси басқаруға кіріскен.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Фиорентина бас бапкерін ауыстырды