Сарри төрешілікті сынға алды


Италия А Сериясының 11-турында Римнің "Лацио" командасы сырт алаңда "Интерге" мүмкіндік беріп қойды. "Қырандар" бас бапкері Маурицио Сарри матчтан кейін өз пікірін білдірді.
Ол "Интердің" ойынын мойындап, төрешілікті сынға алуды да ұмытпады. "Біз мінез бен менталитет жағынан "Интерден" кем емеспіз.
Командам өсуін жалғастыруда. Төрешіліке келсек, ол ойын нәтижесіне әсер етпегенімен, "Интердің" кейбір дөрекіліктері сары карточкаға лайық еді.
Соңғы уақытта төрешілік сапасы айтарлықтай төмендеп кетті", - деді Сарри fcinter1908.it сайтына берген сұхбатында. Келесі турда "Лацио" 23 қараша күні өз алаңында "Лечче" командасына қарсы ойын өткізеді.
Discuss with Zamin AIAnalyze the news, get useful answers












Пікірлер 0
…