date

Дани Ольмо: "Барселонаның" мәселесін айтты

Дани Ольмо: "Барселонаның" мәселесін айтты
«Барселона» жартылай қорғаушысы Дани Ольмо "Сельтаға" қарсы өткен ойыннан кейін (4:2) өз пікірін білдірді. Каталондықтар алғашқы таймда екі мәрте қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік берді, бірақ үш ұпаймен үйлеріне оралды.

«Біз ойын кезінде, әсіресе гол соққанымыздан кейін 90 минут бойы назарымызды шоғырландыруды үйренуіміз керек. Өзіміз гол соққаннан кейін бір-екі минут ішінде жауапты гол өткізуге жол бермеуіміз қажет.

Бұл бағытта жұмыс жасауымыз қажет», – деді Ольмо The Touchline басылымына берген сұхбатында. "Сельтаға" қарсы ойын кезінде Роберт Левандовский хет-трик тіркесе, Ламин Ямал да өз есебіне бір гол жазды.

Ла Лига турнир кестесінде «Барселона» 12 турдан кейін 28 ұпай жинап, екінші орынды иеленіп тұр. Бірінші орында 31 ұпаймен Мадридтің «Реал» клубы орналасқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Дани Ольмо: "Барселонаның" мәселесін айтты