date

Тео Эрнандес "Миланға" оралуы мүмкін


Тео Эрнандестің жұбайы Зои Кристофоли футболшының "Милан" клубына қайта оралуы мүмкін екенін меңзеді. Бұл туралы оның әлеуметтік желідегі жазбасында хабарланған.

"Зои ханым, әдемісіз, бізге қайтыңыз, сізді сағындық", - деп жазған "Милан" жанкүйерлерінің бірі оның парақшасында. Бұл пікірге Зои Кристофоли көп күттірмей жауап қайтарды: "Біз де сіздерді сағындық.

Әзірге бәрі жоспар бойынша емес, бірақ қайта ораламыз. Кей жерлер жүректе мәңгі қалады".

Еске сала кетсек, Тео Эрнандес 2019 жылдан 2025 жылға дейін "Милан" сапында өнер көрсеткен және 2022 жылы осы клубпен Италия чемпионатының жеңімпазы атанған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Тео Эрнандес "Миланға" оралуы мүмкін