date

Chicago Fire Левандовскиге жоғары жалақы ұсынды


«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски MLS клубы «Chicago Fire»-мен келіссөздер жүргізді. Журналист Рохер Торельоның хабарлауынша, америкалық клубтың спорт директоры поляк футболшысымен кездесіп, оған «өте жақсы» жалақыны қамтитын тиімді келісімшарт ұсынған.

Сонымен қатар, Левандовскийге спорттық тұрғыдағы қызықты жоба да уәде етілген. 37 жастағы шабуылшы әзірше болашағы жайлы шешім қабылдауға асықпай отыр.

Қазіргі уақытта ол назарын осы маусымға аударып, «Барселона»-мен жетістікке жетуді көздеп отыр. Левандовскийдің каталониялық клубпен қолданыстағы келісімшарты 2026 жылдың ортасына дейін жарамды.

Бұған дейін оның «Chicago Fire»-ға ауысу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігі жайлы ақпарат тараған еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Chicago Fire Левандовскиге жоғары жалақы ұсынды