date

Агент Джикияның «Антальяспордан» кеткісі келмейтінін айтты

Агент Джикияның «Антальяспордан» кеткісі келмейтінін айтты

Түркияның «Антальяспор» клубында ойнап жүрген қорғаушы Георгий Джикияның агенті Владимир Кузьмичёв футболшының командадан кетуі туралы қауесеттерге пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Агенттің айтуынша, бұл мәселе бойынша оған ешкім хабарласқан жоқ. Кузьмичёв «RB Sport»-қа берген түсініктемесінде Джикияның қазір де «Антальяспор» ойыншысы екенін, клубтың оған сенетінін және футболшының командадан кетуді жоспарламайтынын атап өтті.

Еске салайық, ресейлік қорғаушы өткен жазда «Антальяспор» сапына қосылып, клубпен екі жылдық келісімшартқа қол қойған.

Ағымдағы маусымда 32 жастағы Джикия барлық жарыстарды есепке алғанда 13 матчқа қатысып, 2 гол соқты.

Ол бұған дейін «Химки», «Спартак», «Амкар», «Химик», «Спартак-Нальчик» және «Локомотив» клубтарының намысын да қорғаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Агент Джикияның «Антальяспордан» кеткісі келмейтінін айтты