date

Роналду пенальти соқпағанмен жеңіске қуанды

Роналду пенальти соқпағанмен жеңіске қуанды

"Аль-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында "Аль-Фейха" командасын 3:1 есебімен жеңгеннен кейін әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды. дейді.

41 жастағы португалиялық жұлдыз ойынның басында есеп ашу мүмкіндігіне ие болды, бірақ пенальти соққысын орындай алмады. Роналду бұл ойында гол соға алмады және 81-минутта алаңнан шығып кетті.

Ойынның соңында ол: "Бірге өсуді жалғастырамыз! Маңызды жеңіс!" - деп жазды.

24 турдан кейін "Аль-Наср" 61 ұпаймен Сауд Арабиясы лигасы кестесінде көш бастап тұр. Екінші орында "Аль-Ахли" (59), үшінші сатыда болса "Аль-Хиляль" (58) орналасқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Роналду пенальти соқпағанмен жеңіске қуанды