date

«Тоттенхэм» Роберто Де Дзербимен келісімге келді

«Тоттенхэм» Роберто Де Дзербимен келісімге келді

Лондондық «Тоттенхэм» футбол клубы италиялық маман Роберто Де Зербимен алдын ала келісімге қол жеткізді. Спорт журналисі Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, қазіргі уақытта екі тарап келісімшарттың соңғы егжей-тегжейлерін пысықтауда.

Жақында «Тоттенхэм» басшылығы бұрынғы бас бапкер Игорь Тудорды қызметінен босатты. Оны жұмыстан шығару туралы шешім негізінен команданың соңғы матчтардағы сәтсіз ойыны мен нашар нәтижелеріне байланысты қабылданды.

Ағылшын клубы қазіргі уақытта Премьер-лигада қиын кезеңді бастан өткеруде. 31 матч өткізген «Тоттенхэм» турнир кестесінде небәрі 30 ұпаймен 17-ші орында тұр.

Роберто Де Зерби лондондық командаға құнды тәжірибе әкеледі. Оның соңғы бапкерлік қызметі франциялық «Марсель» клубында болды, онда ол 2024 жылдың маусымынан 2026 жылдың ақпанына дейін бас бапкер болып жұмыс істеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Тоттенхэм» Роберто Де Дзербимен келісімге келді