date

Маленнің хет-тригі «Ромаға» «Пиза» үстінен жеңіс сыйлады

Маленнің хет-тригі «Ромаға» «Пиза» үстінен жеңіс сыйлады

«Рома» шабуылшысы Дониэлл Мален Италия чемпионатының кезекті турында «Пизаға» қарсы ойында өзін көрсетті. «Стадио Олимпикода» өткен бәсекеде нидерландық футболшы қарсылас қақпасына үш гол соғып, командасының 3:0 есебімен жеңіске жетуін қамтамасыз етті.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Италиялық спорттық басылымдар шабуылшының ойынын жоғары бағалады. Атап айтқанда, La Gazzetta dello Sport басылымы Маленге 8,5 балл қойып, оның барлық күтілімдерден асып түскенін атап өтті.


Sky Italia болса футболшыға 9 балл беріп, оны кездесудің ең үздік ойыншысы деп жариялады.

Corriere dello Sport басылымы Маленнің шеберлігін бразилиялық Роналдомен салыстырды. Оның хет-тригі әлеуметтік желілерде үлкен талқылауларға себеп болды.

Мален А Сериясы тарихында бір ойында үш гол соғудың сәті түскен бесінші нидерландық футболшы атанды.

Еске сала кетейік, «Рома» Маленді өткен қыста «Астон Вилладан» жалға алған болатын. Қазіргі уақытқа дейін ол Италия чемпионатының 12 кездесуінде 10 гол соғып, сұрмергендер жарысында үшінші орынға көтерілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Маленнің хет-тригі «Ромаға» «Пиза» үстінен жеңіс сыйлады