date

Маленнің хет-тригі «Ромаға» кезекті жеңіс сыйлады

Маленнің хет-тригі "Ромаға" кезекті жеңісті сыйлады

Италия А Сериясының кезекті турында «Рома» өз алаңында «Пиза» командасын қабылдады. Кездесу римдіктердің 3:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Ойынның қаһарманына айналған нидерландық шабуылшы Дониэлл Мален қарсылас қақпасына үш гол соғып, хет-трик жасады.

Мален есепті кездесудің 3-минутында ашуға қол жеткізді. Бірінші тайм аяқталар тұста ол Девайн Ренштің пасынан кейін дубльді тойлады.

Үзілістен кейін Матиас Соуле жеткізген допты қақпаға бағыттаған шабуылшы өзінің үшінші голын соқты.

Қазіргі уақытта Мален «Рома» сапында 14 ойынға қатысып, 11 гол соқты. Ол А Сериясы сұрмергендерінің тізімінде 10 голмен үшінші орында келеді.

Оның алдында тек Лаутаро Мартинес (16 гол) пен Анастасиос Дувикас (11 гол) жайғасқан.

Еске сала кетейік, Мален қаңтар айында «Астон Вилладан» жалдау негізінде Рим клубына ауысқан болатын. Егер «Рома» маусым қорытындысы бойынша еурокубоктарға жолдама алса, футболшыны 25 миллион еуроға сатып алу құқығына ие болады.

Шабуылшы Нидерланды құрамасы сапында да белсенді өнер көрсетіп, 51 ойында 13 гол соққан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Маленнің хет-тригі «Ромаға» кезекті жеңіс сыйлады