date

Саа «Манчестер Юнайтедке» «Челси» жартылай қорғаушысы Энцоны сатып алуды ұсынды

Саа "Манчестер Юнайтедке" "Челси" жартылай қорғаушысы Энцоны сатып алуды ұсынды

«Манчестер Юнайтед» жазғы трансферлік терезеде «Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандесті өз қатарына қосуы мүмкін. Команданың бұрынғы шабуылшысы Луи Саа клубқа осы трансферді жүзеге асыруға кеңес берді.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Аргентиналық футболшының Лондондағы болашағы күмән тудыруда. Оның «Реал Мадридке» ауысуы мүмкін екендігі туралы пікірлерінен кейін, ол «Челсидің» екі ойынында өтінімге енгізілмеді.

Қазіргі уақытта оның жағдайын «ПСЖ» сияқты ірі клубтар да бақылап отыр.

Луи Саа Фернандестің қабілетін жоғары бағалады. Оның айтуынша, Энцо доппен сабырлы әрекет етеді және ойынды ашу қабілетіне ие.

Саа бұл трансферді «Манчестер Юнайтед» үшін тамаша мүмкіндік деп санайды.

Жазда «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғау шебінде елеулі өзгерістер жасайды деп күтілуде. Каземиро маусым соңында командадан кетеді, Мануэль Угарте де кетуі мүмкін.

Клуб сонымен қатар Адам Уортон, Карлос Балеба және Бруно Гимараэс сияқты футболшыларды да бақылауда ұстап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Саа «Манчестер Юнайтедке» «Челси» жартылай қорғаушысы Энцоны сатып алуды ұсынды