date

Тьерри Анри Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды футболдың Федерері мен Надалі деп атады

Тьерри Анри Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды футболдың Федерері мен Надалі деп атады

Arsenal және Франция аңызы Тьерри Анри Лионель Месси мен Криштиану Роналду арасындағы мәңгілік дауға өз пікірін білдірді. Ол екі ұлы футболшыны бір-бірінен бөліп қарау мүмкін еместігін айтып, олардың бәсекелестігін теннис жұлдыздары Роджер Федерер мен Рафаэль Надаль арасындағы текетіреспен салыстырды. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .

Marca басылымына берген сұхбатында Анри олардың бірін таңдау дұрыс емес екенін атап өтті. «Неге адамдар оларды бөліп-жаруға тырысады? Олардың ойынынан ләззат алуға болады ғой. Мен Леомен бірге ойнадым және эмоциялық тұрғыдан оны артық көремін, бірақ бұл Криштиануға қарсымын дегенді білдірмейді. Екеуі де футбол шыңында жүрген өзге планеталықтар сияқты», — деді франциялық бұрынғы шабуылшы.

Анри олардың тек талантына ғана емес, сонымен қатар ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейді сақтап қалғанына да ерекше тоқталды. Оның айтуынша, екі футболшының жиырма жылға жуық уақыт бойы әлем футболының шыңында қалуы — қатаң тәртіп пен қажырлы еңбектің жемісі.

Статистикаға көз жүгіртсек, Лионель Месси сегіз дүркін «Алтын доп» иегері және 2022 жылғы Әлем чемпионы. Ал Криштиану Роналду бес дүркін «Алтын доп» және бес мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Екі футболшы да өз мансабының соңғы кезеңінде де рекордтар орнатып, жанкүйерлерді таңғалдыруды жалғастыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тьерри Анри Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды футболдың Федерері мен Надалі деп атады