date

Лионель Мессидің хет-трикі Inter Miami командасын жеңіске жетеледі

Лионель Мессидің хет-трикі Inter Miami командасын жеңіске жетеледі

MLS аясындағы FC Cincinnati мен Inter Miami арасындағы ойын нағыз гол шоуына айналды. Кездесу барысында екі рет есепте артта қалған қонақтар, соңында Лионель Месси бастаған шабуылшылардың арқасында 5:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Лионель Месси матчтың қаһарманы атанды. Аргентиналық футболшы үш гол соғып қана қоймай, командаласына нәтижелі пас та берді. Алаң иелері сапында Кевин Денки, Павел Буха және Эвандер өз есімдерін таблоға жаздырғанымен, қорғаныстағы қателіктер оларға қымбатқа түсті.

Ойынның 55-минутында Месси есепті теңестірсе, кейін Матео Сильветти мен Херман Бертераме де өз голдарын соқты. Ал 89-минутта Месси өзінің үшінші голын соғып, ойынға нүкте қойды және командасына маңызды үш ұпай сыйлады.

Inter Miami биылғы маусымда қорғаныста қиындықтарға тап болғанымен, шабуыл шебіндегі шеберліктің арқасында қарсыластарын тізе бүктіруде. Мұндай ойын стилі әрқашан тұрақты нәтиже бермеуі мүмкін, бірақ Месси алаңда болған кезде команда кез келген қарсыластың қақпасына көп гол соғуға қауқарлы.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Лионель Мессидің хет-трикі Inter Miami командасын жеңіске жетеледі