date

Eduardo Conceicao: Palmeiras-тың жаңа жұлдызы еуропалық грандтардың назарында

Eduardo Conceicao: Palmeiras-тың жаңа жұлдызы еуропалық грандтардың назарында

Palmeiras академиясы өз таланттарымен танымал, ал Endrick, Estevao, Luis Guilherme, Vitor Reis және Luighi сияқты ойыншылар клубқа үлкен табыс әкеледі деп күтілетін «Миллиард буынының» құрамына кіреді. Енді бұл тізімге тағы бір есім қосылды: 16 жасар Eduardo Conceicao. Негізгі құрамда әлі дебют жасамаса да, бұл шабуылшы Еуропаның топ-клубтарының назарына ілігіп үлгерді. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Eduardo Conceicao үшін таласта Barcelona, PSG, Real Madrid, Manchester United, Manchester City, Arsenal және Chelsea сияқты командалар көш бастап тұр. Бразилия U-17 құрамасының мүшесі болған футболшының әлеуеті скауттарды таңғалдыруда. Мамандар оның жылдамдығы мен алаңды көре білу қабілетін жоғары бағалауда.

Сан-Паулуда туған Eduardo футболға әкесінің ықпалымен келді. Тоғыз жасынан бастап Palmeiras жүйесінде тәрбиеленіп жатқан талант иесі жас санаттарында әрқашан өзінен үлкендермен ойнап, құрдастарынан оқ бойы озық тұрды. Ол қаңтар айында өткен беделді Copa Sao Paulo de Futbol Junior турнирінде өзін жарқырата көрсетіп, жанкүйерлер мен мамандарды таң қалдырды.

Eduardo турнир аясындағы ойындардың бірінде төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Осы жетістіктен кейін Palmeiras басшылығы онымен алғашқы кәсіби келісімшартқа қол қойды. Клуб футболшыны сақтап қалу мақсатында келісімшартқа 100 миллион еуролық өтемақы тармағын енгізді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Eduardo Conceicao: Palmeiras-тың жаңа жұлдызы еуропалық грандтардың назарында