date

Juventus қатысуымен өткен дерби алдында тәртіпсіздіктер орын алды

Juventus қатысуымен өткен дерби алдында тәртіпсіздіктер орын алды

Италия Serie A-ның соңғы турындағы Турин дербиі алдында жағдай ушығып кетті. Juventus пен Torino командалары арасындағы кездесу қарсаңында жанкүйерлер арасында жаппай қақтығыстар орын алды. Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, полиция тәртіпсіздікке қатысқан сегіз Juventus жанкүйерін қамауға алды. Бұл туралы хабарлайды Goal.com.

Жанкүйерлер арасындағы жанжал салдарынан бірнеше адам зардап шекті, олардың біреуінің жағдайы ауыр екені айтылуда. Қауіпсіздік мақсатында жексенбі кешіне белгіленген кездесудің басталу уақыты кейінге шегерілді. Жаттығу кезінде жанкүйерлер өз командасының ойыншыларын алаңға шықпауға шақырды.

Juventus капитаны Manuel Locatelli жағдайды ушықтырмау үшін жанкүйерлермен сөйлесуге тырысты, бірақ олар ойын басталса, алаңға басып кіреміз деп қорқытты. Содан кейін футболшылар уақытша киім ауыстыратын бөлмеге кетті. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін қонақ жанкүйерлер секторы толығымен босатылды.

Ақыры, жергілікті уақытпен сағат 21:50-де кездесу басталды. Serie A соңында Champions League жолдамасы үшін таласып жатқан Juventus үшін бұл жеңіс ауадай қажет еді. Турнир кестесінде алтыншы орында келе жатқан туриндіктер Milan, Roma және Como сияқты қарсыластарын басып озу үшін тек жеңіс туралы ойлауы керек еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Juventus қатысуымен өткен дерби алдында тәртіпсіздіктер орын алды