Альваро Арбелоа Байер Леверкузеннен бас тарту жауабын алды

Реал Мадрид командасының бұрынғы бапкері Альваро Арбелоа карьерасын Германияда жалғастыру ниетімен Байер Леверкузенге өз қызметін ұсынды, алайда клуб басшылығы бұл ұсыныстан бас тартты. Sport Bild басылымының хабарлауынша, 43 жастағы маман өз менеджері арқылы 2024 жылғы дубль иегерлерінің қатарына қосылуға тырысқан. Бұл туралы Goal.com хабар береді.
Леверкузен клубы Арбелоаның Реал Мадрид жастар командасындағы жұмысын жоғары бағалағанымен, оны қазіргі кезеңде негізгі командаға бас бапкер етіп тағайындауға дайын емес екенін білдірді. Клуб басшылығы Арбелоаның бапкерлік тәжірибесі команданы қайтадан шыңға шығаруға жеткіліксіз деп санайды.
Еске сала кетейік, Арбелоа қаңтар айында Хаби Алонсо отставкаға кеткеннен кейін Реал Мадрид тізгінін ұстаған еді. Алайда ол команданы жүлдесіз маусымнан құтқара алмады. Маусым аяқталар алдында ол клубтан кететінін растады, ал Мадрид клубы оның орнына Жозе Моуринью келетінін жариялады.
Байер Леверкузен қазіргі уақытта Каспер Юльманнның орнына жаңа бапкер іздеуде. Клубтың негізгі нысанасы Андони Ираола еді, бірақ Ливерпуль Арне Слотты жұмыстан босатқаннан кейін, Ираола Мерсисайд клубымен келісімге келгені айтылуда. Енді неміс клубы басқа үміткерлерді қарастыруға мәжбүр.



















Пікірлер 0
…