Абдуқодір Хусановтың «Манчестер Ситидегі» құны 50 миллион еуроға көтерілді

«Манчестер Сити» клубының қорғаушысы және Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі Абдуқодір ХусановтыңTransfermarkt порталындағы трансферлік құны айтарлықтай өсті. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, өзбекстандық орталық қорғаушының бағасы 15 миллион еуроға көтеріліп, қазіргі уақытта 50 миллион еуроға бағалануда.
Бұл нәтиже Абдуқодір Хусановтың тек Өзбекстанның ғана емес, бүкіл Азиядағы ең қымбат футболшылардың бірі ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтты. Портал мәліметтері бойынша, Хусанов Азиядағы ең қымбат футболшы мәртебесін сақтап қалды. Оның ең жақын қуалаушысы — жапониялық футболшы Кайсю Сано. Саноның трансферлік құны 40 миллион еуроны құрайды.
Еске сала кетейік, Абдуқодір Хусанов 2025 жылдың қаңтарында «Манчестер Сити» сапына қосылған болатын. Англия гранды оның трансфері үшін 40 миллион еуро төледі, келісімде қосымша 10 миллион еуролық бонустар да қарастырылған. Орталық қорғаушы «қалалықтар» құрамында осы маусымда екі жүлде — Англия кубогы мен Англия лига кубогын жеңіп алды.



















Пікірлер 0
…