Лиам Делап «Челсиде» қалып, Хаби Алонсоның сеніміне ие болғысы келеді

Лиам Делап сәтсіз дебюттік маусымынан кейін сыншыларға лайықты жауап беру мақсатында «Челси» құрамында кемінде тағы бір маусым қалуға шешім қабылдады. 23 жастағы шабуылшы Батыс Лондонда өз орнын табу үшін күресуге дайын, дегенмен қатты бәсекелестік пен жарақаттар оның мүмкіндіктерін шектеп қойды. BBC хабарлағандай, футболшы клубтан кетуді жоспарламайды. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.
«Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысы Делап 30 миллион фунтқа сатып алынған болатын, бірақ оның көрсеткіштері күтілгеннен әлдеқайда төмен болды. Өткен маусымда ол барлық турнирлерде 41 ойынға қатысып, небәрі 2 гол соқты. Әсіресе, Англия Премьер-лигасындағы бір гол және маусым соңындағы 26 ойындық голсыз серия оның беделіне кері әсер етті. Соған қарамастан, ол жақында Лондон маңынан үй сатып алып, ұзақ мерзімді жоспарларын көрсетті.
Шабуылшы 1 шілдеден бастап жұмысын бастайтын жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның қол астында доп тебуді асыға күтуде. Дегенмен, «Челси» құрамында бәсекелестік одан әрі күшейді. «Брайтоннан» 55 миллион фунтқа келген Жоау Педро негізгі құрамнан берік орын алды. Сондай-ақ, «Бавариядан» Николя Джексонның қайтуы күтілуде, бұл Делаптың жағдайын одан әрі қиындатады.
Клуб келесі маусымда еурокубоктерде ойнамайтындықтан, құрамды қысқартуға мәжбүр. Делаптың трансферлік құны басқа жұлдыздарға қарағанда төменірек болғандықтан, оны сату тиімді нұсқаға айналуы мүмкін. Қазіргі уақытта «Ньюкасл Юнайтед» жағдайды мұқият бақылап, шабуылшыны өз қатарына қосуды қарастыруда.



















Пікірлер 0
…