Конор Макгрегордың жекпе-жегіне билеттер 4 минутта сатылып кетті

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 329 турниріне билеттер өте қысқа уақыт ішінде сатылып кетті. Шетелдік БАҚ мәліметтеріне сәйкес, билеттер сатылымға шыққаннан кейін бар-жоғы 240 секунд ішінде түгелдей сатылды.
Билет бағалары аренаның жоғарғы қабаттарындағы орындар үшін 600 доллар, ал октагон маңындағы бірінші қатардағы орындар үшін 43 мың доллар деп белгіленді.
11 шілдеде өтетін осы турнирдің басты жекпе-жегінде ирландиялық MMA файтері Конор Макгрегор UFC-нің бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы Макс Холлоуэймен реванш өткізеді. Жекпе-жек жартылай орта салмақта ұйымдастырылады.
Бұл екі спортшының екінші жекпе-жегі. Олар алғаш рет 2013 жылдың тамыз айында октагонға шығып, сол кездесуде Макгрегор төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен еді.
Хабарларға қарағанда, Конор Макгрегор осы жекпе-жектен 15 миллион доллар табыс табады. Сондай-ақ, ирландиялық спортшы үшін әзірге жарияланбаған қосымша бонус қарастырылған.
Анықтама үшін, ол UFC тарихында бір мезгілде екі салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуді жеңіп алған алғашқы файтер болып табылады.



















Пікірлер 0
…