Эндрик: Джуд Беллингем мен Трент Александер-Арнольдты түсіну мүмкін емес

Бразилиялық шабуылшы Эндрик Мадридтің Реалындағы қиын кезеңдері туралы ашық айтты. Жас таланттың айтуынша, негізгі құрамға ілігу қиынға соққан сәттерде Джуд Беллингем мен Трент Александер-Арнольд оны тұрақты түрде телефон шалу арқылы қолдап отырған. Олардың арасында жақын достық қалыптасқанымен, Эндрик ағылшын футболшыларының сөйлеуін түсінуде әлі де қиналатынын мойындады. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .
Лиондағы алты айлық сәтті жалға берілуден кейін Мадридке оралған 19 жастағы шабуылшы Франция чемпионатындағы ойын тәжірибесі өзіне деген сенімді қайтарғанын айтты. Реалдың жұлдыздарымен бәсекелесу оңай болмағанын атап өткен Эндрик Лука Модрич, Винисиус Жуниор және Родриго сияқты ойыншылардан көп нәрсе үйренгенін және мұны іс жүзінде көрсетуге дайын екенін білдірді.
«Беллингем маған күнде қоңырау шалады. Өзімді нашар сезінген кездерімде ол маған рухани дем берді. Трент те солай, олар өте шынайы адамдар. Мен олардан үлгі алып, ағылшын тілін үйренуге тырысамын, бірақ олардың айтқанын түсіну дерлік мүмкін емес», – деп әзілдеді бразилиялық жұлдыз Men in Blazers басылымына берген сұхбатында.
Эндрик Лионға ауысу карьерасындағы ең дұрыс шешімдердің бірі болғанын және ол жақта гол соғып, нәтижелі пас бергені үшін ұлттық құрамадан орын алғанын қосты. Қазір ол бар назарын Реалда өз орнын табуға және Әлем чемпионатында Бразилияның намысын лайықты қорғауға аударды.



















Пікірлер 0
…