date

АҚШ соты Телеграмды қашықтан бұзуға рұқсат берді

АҚШ соты Telegram-ды қашықтан бұзуға рұқсат берді

АҚШ прокуратурасы балаларды қанау істеріне қатысты тергеу аясында Telegram серверлеріне қашықтан кіруге соттан рұқсат алды, деп Rozetked хабарлады.

Құжаттарға сәйкес, прокуратура күдіктінің тіркелгісінен мәлімет алу мақсатында серверлерге арнайы хабарламалар жіберіп, “қашықтан іздеу техникасын” қолданбақ. Осы әдіс арқылы сөйлесулер мен тіркелгі туралы мәліметтерді алу жоспарланған.

Telegram компаниясы мұндай әрекеттерді іске асыру мүмкін еместігін мәлімдеді. Олардың айтуынша, тіпті өз инженерлері де сервердегі хабарламаларға кіре алмайды. Себебі — Telegram серверлері мықты шифрланған және бұл шифрды бұзудың ешқандай практикалық тәсілі жоқ.

Сондай-ақ, компания әрдайым зиянды контентке қарсы қатаң күрес жүргізіп келгенін және АҚШ тарапынан келген барлық заңды талаптарды орындап жүргенін, соның ішінде қылмыскерлердің IP-мекенжайы мен телефон нөмірлерін ұсынып келе жатқанын атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » АҚШ соты Телеграмды қашықтан бұзуға рұқсат берді