Mozilla өзінің Firefox браузерінде жаңа мүмкіндік — профильдер құру функциясын енгізуде. Бұл функция қолданушыларға жұмыс, жеке өмір не басқа іс-әрекет үшін бөлек интернет ортасы құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Rozetked.me сайты.
Firefox бұған дейін «Контейнерлер» кеңейтімі арқылы сайт тарихы мен cookie деректерін бөле алатын. Мысалы, осы арқылы бір уақытта түрлі аккаунтпен бірдей әлеуметтік желіге кіруге болатын.
Енді профильдер әрбір іс-әрекет үшін бөлек браузер терезесін құруға мүмкіндік береді. Әр профильге бөлек аватар, түс пен тақырыптар белгіленеді — бұл профильдерді ажыратуды жеңілдетеді.
Әр профильде өзінің cookie және тарих деректері сақталады, олар басқа профильдермен бөліспейді.
The Verge басылымының айтуынша, Firefox-тағы профильдер функциясы Chrome-дағысына ұқсас, бірақ бірнеше электрондық пошта тіркелгісін құруды талап етпейді.
Mozilla өкілдері атап өтті:
“Интернеттегі әртүрлі рөлдеріңізді нақты бөліп, ми энергиясын үнемдейсіз және күтпеген жағдайлардан — мысалы, демалыс жоспарыңыз жұмыс презентациясында шығып кетуінен — құтыласыз.”
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!