date

Павел Дуров: "Еркін интернетті жоғалтпауымыз керек"

Павел Дуров: "Еркін интернетті жоғалтпауымыз керек"

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров өзінің туған күніне орай интернет еркіндігіне арналған үндеу жариялады. Оның айтуынша, бір кездері ақпарат алмасу мен ой еркіндігінің символы болған интернет қазір бақылау құралына айналып барады.

"Бізде аталарымыз құрған еркін интернетті сақтап қалуға аз уақыт қалды," - деді Дуров өз мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, Германия, Ұлыбритания және Франция сияқты бұрын еркіндік үлгісі болған елдер бүгінде "антиутопиялық шараларды" енгізуде. Сонымен қатар, ол Ресей туралы ешқандай пікір білдірмеді.

"Біздің ұрпақ өз бостандығына ие болған, бірақ оларды сақтай алмаған соңғы ұрпақ ретінде тарихта қалу қаупі бар. Сондықтан мен бүгін мереке жасағым келмейді. Менің уақытым бітіп барады. Біздің уақытымыз бітіп барады," - деді ол.

Айта кетсек, Павел Дуров қазір Францияда тергеу астында. Франция билігі оны ресми сұрауларға жауап бермеді және хакерлік бағдарламалардың таралуына көмектесті деп айыптап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Павел Дуров: "Еркін интернетті жоғалтпауымыз керек"