date

Chrome сайттар жіберген қажетсіз хабарламаларды автоматты түрде өшіреді

Chrome сайттар жіберетін қажетсіз хабарламаларды автоматты түрде өшіреді

Google Chrome браузерінде жаңа функция таныстырылды, ол пайдаланушы жауап бермеген сайттардан келген хабарламаларды автоматты түрде өшіреді, деп хабарлайды Rozetked.me сайты.

Жаңа өзгеріс десктоп және Android нұсқаларында қолжетімді болады. Веб-қосымшалардың хабарламаларына бұл өзгеріс әсер етпейді — өзгеріс тек қарапайым сайттарға қатысты болады, яғни пайдаланушы мүлде жауап бермеген сайттардан келген хабарламалар өшіріледі.

Google мәліметінше, барлық веб-хабарламалардың бір пайызынан азына ғана пайдаланушы жауап береді. Тестілеу барысында жаңа жүйе хабарламалардың мөлшерін айтарлықтай азайтатыны көрсетілген, бұл жалпы басу санына әсер етпейді. Қызықты жағы, аз хабарлама жіберетін сайттар пайдаланушылармен байланыста жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Chrome сайттар жіберген қажетсіз хабарламаларды автоматты түрде өшіреді