Әйел кәсіби құшақтасу арқылы жылына 100 мың долларға дейін табыс табады

Әйел кәсіби құшақтасу арқылы жылына 100 мың долларға дейін табыс табады

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын Элла Лав мұғалімдік қызметінен бас тартып, кәсіби құшақтасу қызметін жолға қойған. Ол бұл қызмет арқылы жақсы жылдары 100 мың долларға дейін табыс табатынын айтты. Бұл туралы Aol хабарлады.

51 жастағы Элла Лав Нью-Йорктегі мемлекеттік мектептерде 13 жыл бойы өнер пәнінен сабақ берген. 2017 жылы кәсіби құшақтасу туралы біліп, арнайы онлайн курсты аяқтаған және бұл істі алғашында қосымша жұмыс ретінде бастаған. Алты айдан кейін мұғалімдікті тастап, осы салаға толықтай ауысқан.

Қазіргі таңда ол бір сағаттық құшақтасу сеансы үшін 150 доллар алады. Оның айтуынша, әдетте күніне үш сағатқа жуық жұмыс істейді. Жылдық табысы орта есеппен 60 мың долларды құраса, жақсы жылдары бұл көрсеткіш 100 мың долларға дейін жетеді.

Бір-бірін құшақтап, көздерін жұмып жатқан әйел мен ер адам.

Лав қызметтері романтикалық немесе жыныстық қатынасқа негізделмегенін, клиенттермен алдын ала сұхбаттасып, нақты ережелер мен жеке шекараларды белгілейтінін атап өткен. Оның сөзінше, кейбір клиенттер жай ғана физикалық жақындық пен сұхбатқа мұқтаж болғандықтан осындай қызметті пайдаланады.

Оның айтуынша, мұндай сеанстар кейбір адамдарға қауіпсіз және өзара келісімге негізделген физикалық жақындықты сезінуге мүмкіндік береді. Лав клиенттермен жұмыс істеуде кәсіби шекараларды қатаң сақтайтынын білдірген.

Пікірлер 0

Байланысты жаңалықтар