date

Google Chrome рұқсатсыз 4 ГБ AI моделін жүктеп жатыр

Google Chrome рұқсатсыз 4 ГБ AI моделін жүктеп жатыр

Google Chrome браузері пайдаланушылардың келісімінсіз олардың құрылғыларына 4 ГБ көлеміндегі Gemini Nano жасанды интеллект моделін жүктей бастады. Бұл процесс ешқандай ескертусіз және бас тарту мүмкіндігінсіз жүзеге асырылуда. Бұл туралы Thatprivacyguy.com хабарлайды .

Сарапшылардың айтуынша, пайдаланушы бұл модельді өшіріп тастаған күннің өзінде, браузер оны автоматты түрде қайта жүктеп алады. Бұл процесті тек корпоративтік басқару құралдарын пайдалану арқылы ғана тоқтатуға болады.

Зерттеушілер бұл жағдайды тек құқықтық емес, экологиялық тұрғыдан да талдады. Миллиардтаған құрылғыға мұндай көлемдегі деректердің жүктелуі және сақталуы жаһандық деңгейде энергия тұтынуды күрт арттырып, климатқа кері әсерін тигізуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Google Chrome рұқсатсыз 4 ГБ AI моделін жүктеп жатыр