Еуропа Одағы Ресей дрондарының қаупіне жауап ретінде жаңа қорғаныс жүйесін құруды жоспарлап отыр. Польша әуе кеңістігіне кірген дрондар Еуропа қауіпсіздігіне ескерту болды.
Комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен «дрон қабырғасын» тұрғызуды ұсынды. Алайда Германия мен Франция бұл жоспарды күрделі және қымбат деп санайды.
Жүйе дрондарды анықтайтын камералардан, радарлардан және сенсорлардан тұрады. Украина тәжірибесі бұл жобаға қолданылмақ.
Жоба әлі келісілген жоқ. Кейбір елдер оны Еуропа комиссиясы емес, өздері басқарғысы келеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар