date

Apple M5 чипі бар жаңа Vision Pro 2 таныстырылды

Apple M5 чипі бар жаңа Vision Pro 2 таныстырылды

Apple өзiнiң екiншi буын Vision Pro моделiн таныстырды. Онда жаңа Apple M5 чипi орнатылған, бұл гарнитураның жұмыс өнімділігін айтарлықтай арттырады, деп хабарлады Rozetked.

Жаңа чип негiзiнде гарнитураның micro-OLED экрандарында пиксель саны 10 пайызға арттырылған, жаңарту жиiлiгi 120 Гц-ке дейін өскен. M5-ке R1 чипi көмектеседi: ол 12 камера, 5 датчик және 6 микрофон ақпаратын 12 миллисекунд iшiнде өндеп, экрандарға жiбередi.

Vision Pro 2 автономдығында да жақсарған: қалыпты пайдаланғанда 2,5 сағат, видео көруде 3 сағат жұмыс істейді. Гарнитураға жаңа Dual Knit Band бауы орнатылған — ол басың артынан және үстінен мықтап ұстайды. Бұл бау алдыңғы модельге де сай келеді. Бағасы өзгермеген: 3499 доллар (шамамен 275 млн сўм), сатылым 22 қазаннан басталады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Apple M5 чипі бар жаңа Vision Pro 2 таныстырылды