date

OpenAI жаңа дәуірді бастады: ChatGPT Atlas - жасанды интеллект браузері таныстырылды

OpenAI жаңа дәуірді бастады: ChatGPT Atlas - жасанды интеллект браузері таныстырылды

21 октябрьде америкалық OpenAI компаниясы кезекті инновациясын көпшілікке таныстырды - ChatGPT Atlas деп аталатын жасанды интеллект браузері таныстырылды. Бұл өнім интернеттегі жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгерте алады, деп жазды chatgpt.com.

OpenAI мәліметінше, жаңа шолғыштың негізгі міндеті - пайдаланушыға уақытты үнемдеуге және ақпаратты тезірек талдауға мүмкіндік беру. Атластың көмегімен кез-келген веб-сайтта чат-ботты қосулы панель арқылы шақыруға болады. Ол әртүрлі функцияларды орындайды: мақалаларды қысқаша баяндайды, өнімдерді салыстырады немесе деректерді талдайды.

Сондай-ақ, браузер тек беттерді қараумен шектелмейді. Егер пайдаланушы құжатта, электрондық хатта немесе күнтізбедегі шақыруда белгілі бір сөзді белгілесе, ChatGPT бірден көмекші ретінде пайда болады.

Компанияның айтуынша, браузердің "агенттік режимі" сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, ChatGPT пайдаланушының атынан интернет-дүкендерде тапсырыс бере алады немесе қажетті мәліметтерді автоматты түрде толтыра алады.

Reuters мәліметінше, Atlas браузері тіпті мейрамханаларда орын брондау немесе веб-сайттардағы формаларды толтыру міндеттерін де өз бетінше орындай алады.

ChatGPT Atlas әзірге macOS жүйесінде жүктеп алуға ашық. Жақын арада Windows, iOS және Android үшін қолайлы нұсқалар да шығарылады деп күтілуде.

OpenAI өкілдері бұл браузерді "ақпаратты тек іздеу емес, оны түсіну және пайдалану" мүмкіндігін беретін жаңа қадам ретінде сипаттауда.

Жасанды интеллектке негізделген браузерлер нарығында бәсекелестік күшейіп келе жатқанын айту керек. Google өзінің Gemini чат-ботын Chrome браузеріне қосса, Perplexity компаниясы Comet AI атты браузерді іске қосты. Microsoft Edge браузерінде Copilot жасанды интеллект режимімен жұмыс істейді.

OpenAI-дің Atlas браузері бұл бәсекеде жаңа кезеңді белгілей алады - ол тек ақпарат іздеуді ғана емес, сонымен қатар толық цифрлық көмекші болуды мақсат етеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » OpenAI жаңа дәуірді бастады: ChatGPT Atlas - жасанды интеллект браузері таныстырылды