date

Өзбекстанның шалғай аймақтарында спутниктік байланыс жүйелері енгізіледі

Өзбекстанның шалғай аймақтарында спутниктік байланыс жүйелері енгізіледі

Өзбекстанда цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамыту және байланыс ауқымын кеңейтудің жаңа кезеңі басталды. Президенттің "Республиканың шалғай аймақтарында байланыс қамтуды арттыруда спутниктік байланыс технологияларын енгізу іс-шаралары туралы" қаулысы (ПҚ-313-сан, 2025 жыл 21 октябрь) қабылданды.

Қаулы елімізде заманалық спутниктік технологияларды енгізуге және телекоммуникация саласын жаңғыртуға бағытталған, оның негізгі мақсаты - жер үсті желілері жетпеген, халық тығыздығы төмен аймақтарда да тұрақты байланыс қызметтерін қамтамасыз ету.

Құжатта спутниктік байланыс жүйелерін дамытудың үстем бағыттары нақты көрсетілген. Атап айтқанда, орта және төмен орбиталы спутниктік жүйелерді енгізу үшін нормативтік-құқықтық негіздер жасалады. Бұл арқылы елімізде спутниктік интернет қызметін лицензия негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік жасалады.

Сонымен қатар, байланыс аясын кеңейту бойынша мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында 2026 жылдың 1 январынан бастап бес жыл мерзімге бірқатар жеңілдіктер енгізіледі.

Соның ішінде:

  • жерсеріктік желілерді ұйымдастыру үшін импортталатын құрылғылар, бағдарламалық өнімдер мен қосалқы бөлшектер кедендік төлемдерден босатылады;
  • спутник арқылы көрсетілген телекоммуникация қызметтері қосылған құн салығынан босатылады;
  • спутниктік операторлардың осы жүйелер арқылы көрсеткен қызметтері де пайда салығынан босатылады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім байланыс инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, білім беру, медицина, логистика және қауіпсіздік салаларында да үлкен мүмкіндіктер ашады. Шалғай аудандарда орналасқан мектептер мен ауруханаларда онлайн қызметтерді жолға қою, жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және экономикалық белсенділікті арттыруда спутниктік интернет маңызды факторға айналады деп күтілуде.

Сондай-ақ, қаулыда жерсеріктік байланыс желілерін құруда халықаралық тәжірибе мен жетекші компаниялармен ынтымақтастық, технологиялар трансфері және жергілікті мамандарды даярлау мәселелері де белгіленген.

Өзбекстанда цифрлық экономиканы дамыту стратегиясы аясында спутниктік технологиялар жақын жылдары халықтың барлық топтарына жоғары жылдамдықты интернет қызметтерін жеткізудегі негізгі құралдардың біріне айналады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Өзбекстанның шалғай аймақтарында спутниктік байланыс жүйелері енгізіледі