date

Қысқа видеолар мен "брейнроттар" AI-ді "ақымақ қылады"

Қысқа видеолар мен "брейнроттар" AI-ді "ақымақ қылады"

Ғалымдар жаңа зерттеу арқылы қызықты қорытындыға келді - жасанды интеллект төмен сапалы мазмұнмен "қоректенгенде," оның ойлау және моральдық қабілеті айтарлықтай төмендейді. Бұл туралы Wired басылымы хабарлады.

Остиндегі Техас университеті, Техас A&M және Пердью университетінің мамандары екі түрлі нейрондық желіні үйретіп, олардың нәтижесін салыстырды. Бірінші модель әлеуметтік желілердегі танымал жазбалар - қысқа бейнелер, брейнроттар және сенсациялық контент негізінде оқытылды.

Талдау нәтижелері бойынша, осындай "төмен сапалы тағаммен" оқытылған ЖИ-дің когнитивті қабілеті төмендеді. Оның ойлау қабілеті нашарлады, моральдық көзқарасы әлсіреді, тіпті "психопатқа" тән белгілер пайда болды.

Мамандардың айтуынша, бұл жағдайды кейін қайта оқыту арқылы толық жою өте қиын. Сингапур Ұлттық университетінің доценті Джунюан Хонгтың айтуынша, "мидың шіруі" басталғаннан кейін оны кейінгі таза білім де толық қалпына келтіре алмайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Қысқа видеолар мен "брейнроттар" AI-ді "ақымақ қылады"