date

Маймылдың миы енді суперкомпьютерде модельденді

Маймылдың миы енді суперкомпьютерде модельденді

Қытай ғалымдары "Дарвин маймылы" (Wukong) деп аталатын суперкомпьютердің көмегімен маймылдың миының жұмысын модельдеуге қол жеткізді. Бұл жүйе 2 миллиард нейрон мен 100 миллиард синапстан тұрады және бар болғаны 2000 Вт энергия жұмсайды.

Wukong - әлемдегі ең үлкен нейроморфтық компьютерлердің бірі. Оның мүмкіндіктері биологиялық ми құрылымын жасанды түрде қайта құруға, күрделі жүйке сигналдарын талдауға мүмкіндік береді.

Бұл тәсіл жасанды интеллектінің дамуына қызмет етіп қана қоймай, адам миы мен неврологиялық ауруларды терең зерттеуге де кең мүмкіндіктер ашады. Зерттеушілер осы арқылы Альцгеймер, Паркинсон сияқты ауруларды терең талдауға үміттенеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Маймылдың миы енді суперкомпьютерде модельденді