date

"Х" платформасына рекордтық айыппұл: Еуропа 120 млн еуролық санкция салды

"Х" платформасына рекордтық айыппұл: Еуропа 120 млн еуролық санкция салды

Еуропалық комиссия "Х" (бұрынғы Twitter) платформасын Еуропалық Одақтың Цифрлық қызметтер туралы заңының (DSA) талаптарын бұзды деп айыптап, оған 120 миллион еуро айыппұл салды. Бұл - DSA-ны сақтамағаны үшін салынған алғашқы ресми айыппұл.

Билік өкілдерінің айтуынша, платформадағы "көк белгі" арқылы расталған аккаунттар жүйесі пайдаланушыларды шатастырып, жалған ақпаратқа сенуге мәжбүрлейді. Өйткені көк белгінің берілу тәртібі мөлдір емес, бұл алаяқтыққа, жеке басын ұрлауға және басқа да манипуляциялық жағдайларға жол ашады.

Сондай-ақ, Еурокомиссия "Х"-ны:

  • жарнама бойынша жеткілікті ашықтықты қамтамасыз етпеу,
  • тергеуге қажетті жария мәліметтерді ұсынбағаны үшін де сынға алған.

Сарапшылардың айтуынша, DSA пайдаланушыларды алдамшы әрекеттерден қорғауды көздейді, сондықтан "Х"-ға қатысты қатаң шаралар қолданылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » "Х" платформасына рекордтық айыппұл: Еуропа 120 млн еуролық санкция салды