date

Йел студенттері iMessage үшін жасанды интеллект желісін жасады

Йел студенттері iMessage үшін жасанды интеллект желісін жасады

Йель университетінің бітіруші курс студенттері Натанео Джонсон мен Шон Харгроу iMessage мессенджерінің ішінде жұмыс істейтін Series әлеуметтік желісін іске қосты. Жоба бастапқы кезеңінде Venmo тең құрылтайшысы Икрам Магдон-Исмаил, Reddit басшысы Стив Хаффман және басқа да ірі инвесторлардан 5,1 млн доллар инвестиция тартуға қол жеткізді. Әзірлеушілер өз өнімдерін қарапайым жасанды интеллект қосымшасы емес, жаңа буын әлеуметтік платформасы деп санайды. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды.

Платформаны пайдалану үшін пайдаланушылардың iMessage арқылы арнайы нөмірге хабарлама жазуы жеткілікті. Жүйе пайдаланушының қызығушылықтары мен мақсаттарына сүйене отырып, оған сай адамдардың профильдерін ұсынады. Әр профиль фото және қысқаша мәліметтерден тұрады, ал пайдаланушылар жеке телефон нөмірлерін ашпай-ақ өзара қарым-қатынас жасай алады. Қазіргі уақытта бұл қызметті 750-ден астам университет студенттері мен әртүрлі сала мамандары пайдалануда.

Жоба негізін қалаушы Джонсонның сөзінше, заманауи технологиялар дәстүрлі іздеу жүйелерінен тірі қарым-қатынас интерфейстеріне өтіп жатыр. Series пайдаланушылары арасында белсенділік көрсеткіші 82 пайызды құрайды, бұл Facebook желісінің алғашқы кезеңіндегі көрсеткіштерден де жоғары. Тартылған қаражат инженерлер тобын кеңейтуге және өнім мүмкіндіктерін арттыруға бағытталады. Компанияның бас кеңсесі Нью-Йорк қаласында орналасқан, ал құрылтайшылар оқуын тастамастан бизнесті басқаруды жалғастыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Йел студенттері iMessage үшін жасанды интеллект желісін жасады