date

MacBook Ultra 2027 жылы OLED экранмен және 5G модулімен шығады

MacBook Ultra 2027 жылы OLED экран және 5G модулімен шығады

Apple компаниясы MacBook Ultra деп аталатын жаңа ноутбук моделін таныстыруды жоспарлап отыр. Құрамдас бөліктерді жеткізуші дереккөздердің хабарлауынша, жад нарығындағы шектеулерге байланысты құрылғының релизі 2026 жылдың соңынан 2027 жылдың басына ауыстырылды.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Бұл гаджет қазіргі MacBook Pro нұсқаларынан айтарлықтай техникалық өзгерістерімен ерекшеленеді.

Болжам бойынша, MacBook Ultra компанияның OLED дисплейімен жабдықталған алғашқы ноутбугі болмақ. Қазіргі mini-LED панельдерінің орнына қара түсті бұдан да қанық көрсететін жаңа матрица қолданылады.

Сондай-ақ, экранға сенсорлық қабат қосылатыны айтылуда, бұл жүйе мен қосымшаларды саусақпен түрту арқылы басқаруға мүмкіндік береді.

Дисплейдің жоғарғы бөлігіндегі дизайн да өзгереді: камераға арналған дәстүрлі «ойық» орнына экранда кішкене тесік жасалады. Ал интерфейсте смартфондардағыдай жүйелік хабарландырулар мен күйлерді көрсететін арнайы аймақ пайда болады.

Құрылғы TSMC компаниясының 2 нанометрлік технологиясы негізінде шығарылатын M6 Pro және M6 Max процессорларымен қамтамасыз етіледі.

OLED панелін пайдалану және ішкі бөліктерді қайта орналастыру есебінен корпус қалыңдығы азаяды деп күтілуде. Сонымен қатар, ноутбукке Apple компаниясының жеке C1X немесе C2 модемдерінің көмегімен 5G және LTE байланыс модульдерін интеграциялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » MacBook Ultra 2027 жылы OLED экранмен және 5G модулімен шығады