date

Ресейде VPN бұғатталуына шағым түсіру мүмкіндігі жасалады

Ресейде VPN-нің өшірілуіне шағымдану мүмкіндігі жасалады

Ресейдің «Мемлекеттік қызметтер» порталында жақын арада пайдаланушылар үшін жаңа функция іске қосылады. Енді азаматтар жүйе тарапынан VPN қызметін өшіру туралы келетін негізсіз хабарламаларға шағым түсіре алады.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұл құрал сервистер жұмысында туындайтын қателерді тезірек анықтауға және жоюға көмектеседі. Көптеген жергілікті платформалар VPN қосылымы анықталған жағдайда қауіпсіздік мақсатында кіруді шектеп тастауда.

Министрлік өкілдері пайдаланушыларға VPN қолданылмаған жағдайда да кіру бұғатталса, тиісті қызметтердің қолдау бөліміне хабарласуды ұсынады. Мұндай шектеулер мәліметтерді кибершабуылдардан қорғау мақсатында енгізілген.

Мамандардың пікірінше, VPN сервистерінің басым бөлігі жеке мәліметтердің құпиялылығына толық кепілдік бермейді. Сол себепті мемлекеттік және коммерциялық платформалар өздерінің қауіпсіздік саясатын күшейтіп жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресейде VPN бұғатталуына шағым түсіру мүмкіндігі жасалады