Sharq тобының әншісі Татьяна Зайцева ажырасқанын хабарлап, хейтерлерге жауап берді

Sharq тобының әншілері Сарвар мен Татьяна Зайцева ажырасқандарын хабарлағаннан кейін, әнші әлеуметтік желілерде түрлі жағымсыз пікірлерге тап болуда. Татьяна хейтерлерге үндеу тастап, адамдарды өзгенің жеке өміріне араласпауға шақырды.
Татьяна Зайцеваның айтуынша, кейбір қолданушылар оның ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы түрлі пікірлер білдіруде.
«Әрбір адам – бөлек әлем, бөлек жүрек. Көптеген адамдар өзгені талқылауға дайын», — деді әнші.
Ол кейбір пікірлерде «ажырасып алып, өзін қоя берді, мәз болып жүр» деген секілді ойлар жазылып жатқанын айтты. Әнші адамдар басқалардың өмірі туралы толық ақпаратқа ие болмай тұрып, қорытынды жасамауы керектігін атап өтті.
Татьяна Зайцеваның пікірінше, әр адамның басқаларға көрінбейтін өз әлемі мен проблемалары бар.
«Сіздер білмейтін әлем, бәрінің өз мұңы бар. Баршаңызға өздеріңізге деген мейірім мен махаббат тілеймін», — деді ол.
Татьяна: «Өзгенің өмірін талқыламаңыздар»
Әнші өз үндеуі арқылы оған жағымсыз пікір білдіріп жатқандарға жауап бере отырып, адамдарды ең алдымен өз өмірі мен сезімдеріне назар аударуға шақырды.
Сарвар мен Татьяна Зайцеваның ажырасқаны туралы хабардан кейін әншінің жеке өмірі әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан тұста, оның жаңа үндеуі де бақылаушылардың назарын аударды.



















Пікірлер 0
…