date

YouTube Ресейде VPN арқылы көрілетін видеоларға шектеу қоюда

YouTube Ресейде VPN арқылы көрілетін видеоларға шектеу қоюда

YouTube платформасы Ресейде VPN қызметтерін пайдаланып жатқан қолданушылар үшін кейбір видеоларды көруді шектей бастады. Кей жағдайда жаңа жарияланымдар бөлімінде видеолар көрінбейді немесе экранда YouTube ең қолайлы контентті ұсынуы үшін VPN немесе проксиді өшіруді сұрайтын ескерту шығуда. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Сала сарапшыларының айтуынша, бұл шектеулер бірінші кезекте аймақтық құқықтарға байланысты контенттерге, атап айтқанда, спорттық трансляциялар мен телепремьераларға қатысты. Formula-1 жарыстары, Олимпиада ойындары және лицензиялық бақылауы қатаң басқа да эксклюзивті іс-шаралар бұған мысал бола алады.

Мамандар YouTube бұл арқылы жаһандық блок қою емес, аймақтық авторлық құқықтардың сақталуын күшейтіп жатқанын атап өтуде. Жүйе қолданушының IP-мекенжайын, аккаунт тіркелген елді, төлем деректерін және VPN белгілерін талдай алады.

Сонымен қатар, Ресейдің VK Video қызметі баяу интернет жағдайында жұмыс тиімділігін арттырғанын мәлімдеді. Компания деректері бойынша, видеолардың жүктелу жылдамдығы 60 пайызға артқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » YouTube Ресейде VPN арқылы көрілетін видеоларға шектеу қоюда