date

АҚШ-та Samsung смартфондарын сатуға тыйым салу талап етілді

АҚШ-та Samsung смартфондарын сатуға тыйым салу талап етілді

АҚШ-та смартфон индустриясына қатысты кезекті патенттік дау өршіп тұр. Lepton Computing LLC компаниясы Оңтүстік Кореяның Samsung өндірушісіне қарсы сотқа талап арыз түсірді.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Талап арызда компанияның жиналмалы экран технологияларын рұқсатсыз пайдаланып келгені атап өтілген.

Бұл дау Galaxy Z Fold, Galaxy Z Flip және тіпті Galaxy Z TriFold сияқты танымал желілерге қатысты. Талап қоюшы тарап иілімді экраны бар смартфондар архитектурасына қатысты негізгі патенттерге иелік ететінін алға тартуда.

Осыған байланысты Samsung-тан қаржылай өтемақы мен роялти төлемдері талап етілуде.

Lepton Computing өкілдерінің айтуынша, олар 2013 жылы Samsung Electronics компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сол кезде технологиялық бөлшектер мен прототиптер кореялық алпауытқа ұсынылған болатын.

Алайда Samsung патенттердің бар екенін біле тұра, оларды бұза отырып құрылғылар шығаруды жалғастырған.

Қазіргі уақытта талап қоюшы тек ақшалай қаражат өндіруді ғана емес, сонымен қатар барлық жиналмалы құрылғыларды өндіру мен сатуға толық тыйым салуды да сұрап отыр. Сарапшылар бұл жағдайды патенттік тролльдер тарапынан жасалған кезекті әрекет ретінде бағалауда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » АҚШ-та Samsung смартфондарын сатуға тыйым салу талап етілді