date

Rolls-Royce компаниясы реактивті қозғалтқышты 100 пайыз сутегімен сәтті сынақтан өткізді

Rolls-Royce компаниясы реактивті қозғалтқышты 100 пайыз сутегімен сәтті сынақтан өткізді

"Rolls-Royce" және "easyJet" компаниялары жүз пайыз сутегімен жұмыс істейтін модификацияланған "Pearl 15" қозғалтқышының жер үсті сынақтарын сәтті аяқтады. Қозғалтқыш толық ұшу қуатында жұмыс істеді.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Сынақтар АҚШ-тағы NASA полигонында өтті.

Компаниялардың мәліметінше, қозғалтқыш толық ұшу циклін симуляциялады. Бұған іске қосу, көкке көтерілу, крейсерлік режим және қону процестері енгізілді.

Заманауи реактивті қозғалтқыш нақты жағдайларға барынша жақындатылған түрде газ тәріздес сутегімен тексерілді.

Бұл нәтиже "easyJet" пен "Rolls-Royce" арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың жалғасы болды. Бұған дейін компаниялар Ұлыбританияда "AE2100" қозғалтқышын жасыл сутегімен, ал Германияда "Pearl" жану камерасын сынақтан өткізген болатын.

"Rolls-Royce" өкілдері бағдарлама сутегінің заманауи авиациялық газ турбиналарында өзін қалай ұстайтынын түсінуге көмектескенін атап өтті. Сондай-ақ жану, отын жеткізу, басқару жүйелері және апаттық сценарийлер тексерілді.

Дегенмен, бұл сутегімен жұмыс істейтін жолаушылар ұшақтары жақын арада коммерциялық мақсатта қолданыла бастайтынын білдірмейді. Сала алдында отынды сақтау, әуежай инфрақұрылымы, сертификаттау және ұшақ конструкциясын бейімдеу сияқты күрделі міндеттер тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Rolls-Royce компаниясы реактивті қозғалтқышты 100 пайыз сутегімен сәтті сынақтан өткізді