date

Reddit қолданушысы Temu-дан 20 АҚШ долларына жалған қатты диск сатып алды

Reddit қолданушысы Temu-дан 20 АҚШ долларына жалған қатты диск сатып алды

Reddit қолданушысы Raw_Stank Temu онлайн-маркетплейсінен 20 АҚШ долларына 4 ТБ сыйымдылығы бар сыртқы жад құрылғысына тапсырыс бергенін хабарлады. Алайда, құрылғы жалған болып шықты.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Қатты дискінің орнына корпус ішінде желіммен бекітілген қарапайым microSD-картридер бар екені анықталды. Сатып алушының айтуынша, бағасы басынан бастап күмән тудырған, өйткені Amazon-да дәл осындай сыйымдылықтағы WD My Passport дискі әлдеқайда қымбат тұрады.

Қолданушы форумда сурет жариялап: «Бұл 20 АҚШ доллары тұратын, сондықтан неге алмасқа деп ойладым, енді неге алмау керектігін білемін», — деп жазды. Temu маркетплейсі тұтынушыға ақшасын тез арада қайтарып берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Reddit қолданушысы Temu-дан 20 АҚШ долларына жалған қатты диск сатып алды