date

Ғалымдар жасанды ай топырағында алғаш рет бұршақ өсірді

Ғалымдар жасанды ай топырағында алғаш рет ноқат өсірді

NASA 2030 жылдары Айға ғарышкерлерді жіберуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты ғарыш станцияларында азық-түлік өсіру мәселесі маңызды мәнге ие болады.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Остиндегі Техас университетінің ғалымдары жасанды ай топырағында ноқат өсіру мүмкіндігін көрсетті.

Ай топырағы, яғни реголит өсімдіктер үшін өте қолайсыз орта болып табылады. Оның құрамында органикалық заттар жоқ және улы ауыр металдар бар.

Зерттеушілер бұл мәселені шешу үшін топыраққа құрт көңін және арнайы саңырауқұлақтарды қосты.

Тәжірибелер 75 пайызға дейін реголиттен тұратын қоспадан ноқат өнімін алуға болатынын көрсетті. Саңырауқұлақтар өсімдіктерге қоректік заттарды сіңіруге көмектеседі және ауыр металдардың әсерін азайтады.

Қазіргі уақытта ғалымдар өсірілген өнімнің қауіпсіздігін зерттеп жатыр. Егер нәтижелер оң болса, болашақта ғарышкерлер ай топырағында өз азық-түліктерін өсіре алатын болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ғалымдар жасанды ай топырағында алғаш рет бұршақ өсірді